Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ауыл мектептерінде жалған дипломмен жұмыс істегендер кімдер?

Жалған дипломмен жұмыс істегендер әшкере болды

Ауыл мектептерінде жалған дипломмен жұмыс істегендер кімдер?
фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысының прокуратурасы мектептерде жалған дипломдарды пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлайды newsroom.kz ақпараттық порталы.

"Дипломмен ауылға" жобасын заңсыз пайдаланып, сол бойынша ақша да алып келген. 

Жас мамандарды мемлекет ауылдық жерлерге көп тартып, қомақты қаражат бөледі екен.

2009 жылдан бастап бүкіл ел бойынша «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, ол ауылдық жерде еңбек етуге ниет білдірген мамандарға жеңілдікпен кредиттер мен өтеусіз жәрдемақылар алуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары еліміздің ауылдық жерлерінде кадрлар тапшылығы едәуір теңестірілді, алайда «мамандар» деген атпен жекелеген адамдар жеңілдікті шарттарды пайдалана отырып, бюджет қаражаты есебінен заңсыз байытылуда.

Облыс прокуратурасы бағдарлама шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну кезінде қолданыстағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

Оның нәтижелері бойынша жалған дипломдардың көмегімен жеңілдіктер алған және шарттық міндеттемелерді бұзған адамдар анықталды.

Мәселен, 2021ж. «К» жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. 2022 жылы мүліктік игіліктер алу мақсатында, сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысқан (4,9 млн теңге алды). Осындай схеманы білім беру саласындағы тағы 12 «маман» пайдаланған. Залалдын жалпы соммасы 30 млн теңгеден асты, - делінген ақпаратта.

Қазіргі таңда қылмыстық қудалау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде, ҚПК-тің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жариялануға жатпайды.