Болат Назарбаев Балғынбекке бір бума ақша берген бе?

Белгілі ақын Балғынбек Имашев Назарбаевтың қуанышына барған кездегі гонорары туралы айтты

фото: adyrna.kz

Аман Тасығанға берген сұхбатында Балғынбек Имашев Болат Назарбаевтан алған ақшасы туралы айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

"Болат Назарбаев 65- жас қуанышына шақырды.3-4 ақын болып айтысып, өнер көрсеттік. Бізге гонорарымызды алдына берді. Айтысып болып, Болат Назарбаевқа барып, қалжыңдасып, тілегімізді айттық. Содан соң Болат Назарбаев үйіне бір адамды жіберіп, ақша алдырды. Төртеумізге бір бумадан ақша берді, 10 мың доллар ғой, көк ақша. Енді ол ақша қайдан келіп жатқанын білмейміз, бірақ біздің өнерімізге берілген ақша болды. Бірақ, Болаттың баласы намазхан перзент болды. Әкесінің бизнесіндегі харам нәрсенің бәрін тексеріп жойды. Енді ол жерде қайдан келген ақша деп біз тексермейміз. Біз ол жерде өз еңбегімізбен барып, өнерімізді көрсеттік. Ақшамызды алдық. Харам болса оған харам, бізге халал",- деді Имашев.

Жүктелуде...