Бүгінде шағын кәсіпорын мақта түту, көрпе, жастықтан бастап, медициналық формалар, матрас, шапандар мен қыз жасауын өндіруге қауқарлы. Аталған кәсіпорында 7 қыз-келіншек тұрақты түрде жұмыс істейді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Ашылу салтанатына Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызалиев пен облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Сылқымбек Спабеков және Облыстық мәслихат депутаты Қапалбаев Ғабиден қатысып, шара барысында кәсіпкерге сәттілік тіледі.
Айта кетейік, бұл цех - аудан көлемінде текстиль саласындағы жетекшілерінің бірі. Кәсіпкер Элеонора Ағабекқызы келген қонақтарға цехтың жұмыстарын баяндап, таныстырып шықты.
Кәсіпорын иесінің айтуынша, цехты ашу мақсатында “Бизнестің жол картасы 2025” мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз 5 млн. теңге грантты жеңіп алған. Алдағы уақытта кәсіпорында қой жүнін өңдеп, шикізат ретінде қолдану жұмыстары қолға алынбақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі