Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түлкібас: Теолог мамандар теріс пиғылда қолданушылардан сақ болуға шақырды

Түркістан облысы мектептерінде діни ахуал тақырыбы қозғалды

Түлкібас: Теолог мамандар теріс пиғылда қолданушылардан сақ болуға шақырды
фото: Түркістан дін істер басқармасы

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысы дін істер басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 09 қараша күні ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры М.Халықовпен бекітілген дін саласындағы 2023 жылға арналған халықтың мақсатты топтарына ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Тағай, Түлкібас ауданына қарасты А.Асқаров, Т.Рысқұлов және Б.Момышұлы жалпы орта мектептерінің оқушыларымен «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету», «Діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алу» бағытында ақақпараттық-түсіндіру тақырыптарында кездесулер өткізді.

Айта кетейік, діни экстремизм ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. 

Қазіргі уақытта елімізде діни ахуал тұрақты. Дін мәселесін зерттеумен айналысатын  мамандардан құрылған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы да өз нәтижесін беріп, жат ағымдардың  жолына тосқауыл бола алды деуге болады. Жат діни ағымдардың қызметінен зардап шегушілермен адрестік жұмыстар, оларды қалыпты ортаға қайта оңалту жұмыстары да жүргізіліп келеді.  Діндер тарихына үңілетін болсақ сан жылдар бойы дін атын жамылған талай жымысқы жат ағымдар пайда болып, кейін қайтадан жойылып кетіп отырған. Деструктивті діни ағымдардың бірі құрыса  оның орынына жаңасы пайда бола қалып, ғаламтор арқылы жылдам таралуы да  таң қалатын үрдіс емес. Сондықтан  да біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек. Ол үшін мемлекет болып, қоғам болып жұмыла күресуіміз тиіс. Жастардың бойына патриоттық сезім,  қоғамдағы зайырлылық қағидаттарының нығаюуына,  дәстүрлі  құндылықтарымыздың берік сақталуын баса көңіл аударуымыз маңызды.