Түркістан облысы Дін мәселесін зерттеу орталығы КММ бөлім басшысы Қайрат Салықбаев діни ахуал туралы айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz сайты Түркістан дін істер басқармасына сілтеме жасап.
Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны бар. Елімізде дін мәселесі сөз болғанда негізгі мәселе ұлт тағдыры, мемлекет, зайырлылық, салт – дәстүр, мәдениет, мемлекеттің тізгінін ұстайтын, болашақта мемлекетіміздің бұдан ары өркендеп дамуына үлес қосатын жастарымыздың жағдайына зер салып қарайтын мәселелердің бірі.
Дін – адамзаттың қолы жеткен ең басты құндылықтары. Қоғамның сан түрлі саяси, әлеуметтік-экономикалық жүйелері бар. Алайда, Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық демократиялық, унитарлық қоғам деп таңдады. Қандайда бір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді. Дін мемлекеттен бөлінгенмен қоғамды бөле алмаймыз. Себебі дінді ұстанушылар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Мемлекет діни мәселелерді реттеп, миссионерлік қызметті және діни бірлестіктердің жұмысын қадағалаушы. Қазіргі күні діни мәселелерге қатысты мемлекетіміз тарапынан жасалынып жатқан іс-шаралардан, қоғамымызда орын алған кейбір келеңсіз жағадайларға немқұрайлы қарамайтынын байқауға болады.
Әлемде 113 мемлекет өзін зайырлы ел деп жариялағаны белгілі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтыратыны көрініс тапқан. Сонымен қатар Ата заңымыз әрбір адамның діни сенім бостандығына кепілдік береді және конфессиялық, этникалық және басқа да белгілері бойынша кемсітушіліктерге жол бермейтіндігі көрсетіліп кеткен. Ал Дүние жүзінде 75 мемлекетте дін республиканың ресми бөлігі болып табылады.
Мемлекеттің зайырлы сипаты дінді жоққа шығару емес. Зайырлылық адамның діни сенімге бостандығын мойындау, діндарлықты адам болмысына тән сипат ретінде айқындау. Қазіргі таңда еліміздегі зайырлылық адами құндылықтарды басты орынға қоюдан, ар-ожданы мен сенім бостандығын еркін ұстануды заң тұрғысынан қарастыруы. Зайырлы мемлекет діни таным құндылықтарын мойындап, мемлекетке зияны тимейтіндей қалыпта діни сенімнен адам болмысына жағымды әсерлер алу. Зайырлылық діңгегі – мемлекет тарапынан дінді адамзаттың негізгі құндылығы ретінде мойындау, оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлімен тығыз байланыстырады. Зайырлылық – азаматтарымыздың таңдау еркіндігі мен рухани ізденістің көптүрлілігін мойындау, ой-сананың сан алуан ізденіске бағытталатындығы мен діни тәжірбиенің деңгейлеріне назар аудару. Зайырлы мемлекетте дүниетанымның көптүрлілігі құқықтық негізінде ретке келтіріліп отырады.
Зайырлы мемлекет таза күйінде қандайда дінді ресми мемлекеттік деңгейге көтермейді және міндетті дін ретінде қарастырмайды. Алайда, кейбір демократиялық мемлекеттер ресми түрде діндердің кейбіреулерін мемлекет тарапынан қоғамға және кейбір мемлекеттік құрылымдарға әсеріне байланысты маңызды орны жайлы айтылады. Бұны біздің еліміздің мысалында да қарастыруға болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктір туралы» Заңында ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитындығы жазылған. Алайда, Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңда ханафи бағытындағы ислам мен православиенің маңызды орнын көрсете отыра өзінің зайырлы сипатынан айырылып отырған жоқ. Ислам тарихына көз жүгіртер болсақ алғаш Хабашстанға көшуі және сол жердегі ел билеушісі Нәжашидің «Елімнің ешкімнің қолы тимеген ең таза аймақтарында озбырлық пен жауыздықтан ұзақта, тыныштықта өмір сүріңдер. Сендерге жамандық жасағандарды құртамын» деп сөзін қорытындылауы. Осының өзінде зайырлы мемлекеттегі діннің өзіндік орнын әу баста көрсетіліп отырғанын байқауға болады,- деп жазды ол.
Айта кетейік, діни экстремизм ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды.
Қазіргі уақытта елімізде діни ахуал тұрақты. Дін мәселесін зерттеумен айналысатын мамандардан құрылған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы да өз нәтижесін беріп, жат ағымдардың жолына тосқауыл бола алды деуге болады. Жат діни ағымдардың қызметінен зардап шегушілермен адрестік жұмыстар, оларды қалыпты ортаға қайта оңалту жұмыстары да жүргізіліп келеді. Діндер тарихына үңілетін болсақ сан жылдар бойы дін атын жамылған талай жымысқы жат ағымдар пайда болып, кейін қайтадан жойылып кетіп отырған. Деструктивті діни ағымдардың бірі құрыса оның орынына жаңасы пайда бола қалып, ғаламтор арқылы жылдам таралуы да таң қалатын үрдіс емес. Сондықтан да біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек. Ол үшін мемлекет болып, қоғам болып жұмыла күресуіміз тиіс. Жастардың бойына патриоттық сезім, қоғамдағы зайырлылық қағидаттарының нығаюуына, дәстүрлі құндылықтарымыздың берік сақталуын баса көңіл аударуымыз маңызды.