Астанада қандай бағыттағы автобустардың саны артпақ?

Елордада автобустар саны көбейетін болды

Фото: zakon.kz

Астанада 3 бағытта автобустар артады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы zakon.kz- ке сілтеме жасап.

City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі № 22, 35, 71 бағдарлар бойынша жұмыс күндері жүретін автобус саны артатынын хабарлады.

"23 қарашадан №№ 22, 35, 71 бағдарлардың жұмыс күндері жүретін автобус саны артады".City Transportation Systems

Атап айтқанда:

  • № 22 бағытта 3 автобусқа (9 бірл. 12 бірл.);
  • № 35 бағдарда 2 автобусқа (13 бірл. 15 бірл.);
  • № 71 бағдарда 2 автобусқа (16 бірл. 18 бірл.).

Бұған қоса компания  № 307 және № 312 бағдарлардағы автобустар да көбейетінін хабарлады.

Жүктелуде...