Бүгінде ауданда бірқатар елді мекенде түйткілді мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz.
Соның бірі – Бесқұбыр елді мекеніндегі №25 С.Сейфуллин жалпы орта мектебінің қосымша 300 орындық мектеп ғимараты салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар Бәйтерек елді мекеніндегі Жеңіс және М.Алтыбаев көшелерінің орта жөндеу жұмыстары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында тас шағал төселіп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңақоныс елді мекенінің ішкі көшелеріне, Қарабура елді мекенін Б.Момышұлы көшесіне орта жөндеу және Мақташы елді мекеніндегі И.Есенберлин көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Биыл Қарабура елді мекені табиғи газға қол жеткізсе, Бесқұбыр ауылындағы емхана қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшірілді. Алдағы уақытта Жаңақоныс, Бесауыл ауылдарының ішкі көшелері орта жөндеуден өткізілсе, Алғабас елді мекенінде жаңадан спорт алаңшасы салынып, ел игілігіне табысталды.
Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев ауылдық елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, түйткілді мәселелерді талқылауда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі