Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркістан: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» шарасы өтті

Созақ ауданында полицейлер оқушылармен кездесті

Түркістан: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» шарасы өтті
фото: polisia.kz

Бұл туралы newsroom.kz порталы Созақ ауданы полиция бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде 2023 жылдың 9 қарашасында Созақ АПБ-нің ӘЗЗҚ тобының инспекторы полиция майоры Айжан Манапова, АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция сержанты Тамабайұлы Дінмұхамед және АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны Дүйсен Нұрсұлтанның қатысуымен сыныптар бойынша "Зорлық-зомбылықсыз,балалық шақ" тақырыбында оқушылар арасында құқық бұзушылықтың және жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын-алу шараларын заң аясында түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында ата-аналарғада бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктер туралы кеңінен түсіндірді.

Ескерте кетейік, қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды – онысы бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73 бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелер қызметінің құқықтық негізін БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенци, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдары туралы» Заңы және басқа нормативтік құқықтық актілер құрайды.

Осы орайда айта кетсек, елімізде тұрмыстық күш көрсетуді болдырмау мақсатында әлсіз азаматты немесе әйел адамның құқығын өз дәрежесінде қорғау үшін ең алдымен заңнамалық тұрғыдан «қаруланып» алған абзал. Яғни, қазіргі заңдар заман сұранысына сай болуы тиіс. Осы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы мемлекетімізде «Тұрмыс­тық зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы заңы қабылданған. Қазіргі таңда аталмыш заң азаматтарымыздың қорғанына айналып отыр. Ең бастысы, зорлық құрбаны өзінің шынайы жағдайын жасырып қалмауы қажет.

«Әрбір отбасы – кішігірім шаңырақ» екенін ескере отырып, осы шағын шаңырақтардан құралатын Қазақстан атты үлкен мемлекетіміздің болашағы кемел болсын десек, отбасы құндылығы мен ерлі-зайыптылардың жеке-жеке құқықтары сақталынып, ба­ла­лардың тәтті де бақытты ғұмыр кешуіне атсалысуымыз керек!