Бұл туралы newsroom.kz порталы Бәйдібек ауданы полиция бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысы Бәйдібек ауданында АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі С. Сағынбаев және осы бөлімнің ЖПҚ КТІЖБ инспекторы полиция капитаны Д.Рахышев, ЖПҚ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция капитаны А Утебаева Бөген ауыл әкімшілігінде орналасқан мектептерді аралап, құқық бузушылықтың алдын алу және балалар арасындағы зорлық зомбылық әркеттерінің алдын алу бағытында окушылармен кездесу өтті.
Кездесу барысында окушыларға зорлық зомбылық бойынша видеоролик көрсетіліп, сурақ жауап өткізілді. Ауданымызда жасөспірімдер арасындағы орын алған қылмыстар айтылып, алдағы уақытта қылмысқа, құқық бұзушылыққа жол бермеу керектігі ескертіліп, өзекті мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, полиция капитаны А Утебаева және аудандық аурухана гинекологы және Жастар орталығының психологы Шаян ауылында орналасқан №19 колледждің акт залында қыздар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында қыз бала қандай болу керек, инабаттылық, кішіпейілділік сияқты тақырыптар талқыланып, қыздарға гинеколог "Ерте жүктілік және оның алдын алу" тақырыбында баяндама оқыды.
"Қыздар қандай болуы керек?" тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, сенім жәшігі және сенім телефондары жайлы айтылды. Бәйдібек АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция капитаны А. Утебаева зорлық зомбылықтың алдын алу тақырыбында көптеген толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарына жауап беріп, ой бөлісті.
Айта кетейік, қыздарға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу - бұл тек мемлекеттің ғана емес,сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті екенін естен шығармауымыз қажет. Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға - тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде,біздер мейірімі мол,қайырымды қоғамды құрып ғана қоймай,зорлық-зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында.
Қазіргі таңда көп жағдайда халқымыз қанына сіңген қасиетпен отбасылық жанжалдарды сыртқа шығармауды қалайды. Қазақ әйелі ерінің абыройын, үйелменнің береке-бірлігін ойлап, балаларының толық отбасында өскенін қалағандықтан, шаңырақ құндылығынан асып кете алмай «жауырды жаба тоқып», өктемдікті жасырып-жабуға бейім келеді. Бірақ осындай «бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» салдарынан іс ушығып, кей жағдайда соңы адам өлімімен аяқталуы өкінішті.
Тұрмыстық қияпат әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Ол физикалык күш көрсетумен қатар, сөзбен кемсіту, психологиялық қысым, тіпті сексуалдық тұрғыдан зорлық-зомбылық көрсету түрінде де болады.
Сондықтан осы сипаттаға кез келген әрекетке дер кезінде тосқауыл қоя білген жөн.
Осы орайда айта кетсек, елімізде тұрмыстық күш көрсетуді болдырмау мақсатында әлсіз азаматты немесе әйел адамның құқығын өз дәрежесінде қорғау үшін ең алдымен заңнамалық тұрғыдан «қаруланып» алған абзал. Яғни, қазіргі заңдар заман сұранысына сай болуы тиіс. Осы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы мемлекетімізде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы заңы қабылданған. Қазіргі таңда аталмыш заң азаматтарымыздың қорғанына айналып отыр. Ең бастысы, зорлық құрбаны өзінің шынайы жағдайын жасырып қалмауы қажет.
«Әрбір отбасы – кішігірім шаңырақ» екенін ескере отырып, осы шағын шаңырақтардан құралатын Қазақстан атты үлкен мемлекетіміздің болашағы кемел болсын десек, отбасы құндылығы мен ерлі-зайыптылардың жеке-жеке құқықтары сақталынып, балалардың тәтті де бақытты ғұмыр кешуіне атсалысуымыз керек!