«Кентау-Түркістан халықаралық әуежайы» автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кентау қаласы мен Түркістан халықаралық әуежайы аралығында 26 шақырым жол пайдалануға берілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Құрылыс жұмыстарын Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Корпорация Береке А» ЖШС жүргізді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Аталған жол - Жамбыл облысы, Созақ ауданы, Кентау қалаларын облыс орталығы Түркістан қаласымен жалғайтын күре жол. Жобаға сәйкес жолдың 26 шақырым асфальт жабындысы толық төселген. Ұзындығы 100 метр көпір қайта жөндеуден өтіп, 4 жерде мал өткелі мен 27 жерде су өткізгіш құбырлар салынды. Жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 331 дана жарықшам орнатылған. Сондай-ақ, 6 аялдама және елді мекен атаулары, тиісті жол белгілері мен жол таңбалар сызылған.

Қазіргі таңда жолды пайдалануға берілгеннен бастап Түркістан қаласы мен Кентау қаласы арасындағы көлік кептелісі едәуір азайған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жүктелуде...