Төлеби ауданында жақсы және орташа жағдайдағы асфальтталған жолдардың үлесі өсуде

Соңғы жылдары ауданда жаңа инженерлік-инфрақұрылымдар, тұрғын үй нысандары мен білім ғимараттары салынды.

Ғаламтор желісінен

5 елді мекенді (Көксәйек, Зертас, Бірінші Мамыр, Қаратөбе, Қайнар) тұрғын үй салуға жер телімдерімен (217 гектар) қамту үшін инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде (ауыз су, электр жүйесі, газ). Нәтижесінде, 1 мыңнан астам (1 007) жер телімі беріледі. 44250 адам жер телімінде кезекте тұр, деп хабарлайды newsroom.kz.

Облыстық бюджет есебінен Қапал батыр көшесіндегі 5 қабатты 48 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысын бастуға 60 млн теңге қаржы қарастырылды.  Жоба құны 2 млрд 551 млн теңге. Сонымен қатар, халықтың осал топтарына арналған 20 пәтерге 192 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінде үйлерді сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Жалпы аудан аумағында 680 шақырымды құрайтын 552 ішкі көшелер бар. 2022 жылы жақсы және орташа жағдайдағы асфальтталған жолдардың үлесі 85 пайыз немесе 535 шақырым болатын. Биыл бұл көрсеткішті 90.3 пайызға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Асфальтталған жолдардың ұзындығы 614 шақырым, 502 көшеге жетеді. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында  ағымдағы жылы 29 көшеге 835 млн. теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандағы су құбырларының ұзындығы – 1 226 шақырым, абонент саны – 22 368 бірлік  су есептегіштер –  20 856 дана. Аудандағы 55 елді мекеннің 54 елді мекені ауыз су жүйесіне қосылып, көрсеткіш 98.2 пайызды құрап отыр. Аталған мәселені толық шешу үшін ауыз сумен қамтылмаған Жаңакүш елді мекеніне тиісті қаржы қарастырылды (жалпы құны – 286 млн. теңге, бөлінгені – 245 млн. теңге). Нысан келесі жылы пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде аудан халқы 100 пайыз ауыз су жүйесімен қамтылады.  Сонымен қатар, ауыз су сапасына да назар аударылуда. Ескірген су жүйелерін жөндеп, ашық су көздеріне су тазалағыш қондырғыларын орнату жұмыстарына биыл 1,2 млрд. теңге бөлініп,  9 нысан бойынша жаңарту жұмыстары жүргізілуде. (5 нысан (Керегетас, Зертас, Бейнеткеш, Нысанбек, Көктерек (Ленгір) биыл аяқталады, 4 нысан (Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Жаңажол) өтпелі). Көктерек су тазалау имаратының құрылысын аяқтауға 64 млн теңге қаралды.

Бүгінде Ленгір қаласындағы өзекті мәселенің бірі –кәріз жүйесі.   Төлеби ауданы бойынша 3 кәріз  жүйесі бар,  қала тұрғындарының 25,0% қамтылған. Жаңадан салынып, кәріз жүйесіне қосылған үйлердің санының артуына байланысты бұрынғы кәріз жүйесінің күші жетпеуде. Осыған орай, заман талабына сай келетін  «Кәріздік тазарту қондырғысының» (КОС-3) құрылыс жұмыстары басталды. Жоба құны – 2,6 млрд. теңгені құрайды (биыл 900 млн. теңге бөлінді). Нысанды келесі жылы пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз (сиымдылығы тәулігіне 3500 м3 су өңдейді).

Осы күнге дейін табиғи газға 55 елді мекеннің 51 –і қосылып, 21 149 абонент (115 366 адам) көгілдір отын тұтынушысы, қамтылу деңгейі 93 пайызды құраған болатын. Биыл Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кеңесарық елді мекендерінде табиғи газ құбырының құрылысы (2022 жылы 693 млн. теңге, 2023 жылы 144 млн. теңге) аяқталатын болады. (қосымша 1021 абонент көгілдір отынмен қамтылады) Нәтижесінде аудан халқы табиғи газбен 100 пайыз қамтылып, абонент саны 22 170 болады.

Жалпы аудан аумағында 933,7 шақырым электр желісі бар. Облыстық бюджет есебінен 29 елді мекеннің  73 көшесіне электр желісін жүргізуге және трансформатор орнату құрылысын аяқтауға  989 млн. теңге қаржы қарастырылды.Биыл бұл жұмыстарды аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы инвестициялық бағдарламасының аясында биыл 19,6 шақырым электр желісі мен тозығы жеткен 4 трансформаторды ауыстырады. 2 123,0 млн теңгеге Ленгір қаласында 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр станциясын салынуда.  Жоба аясында жалпы – 9720 халық сапалы электр қуатымен  қамтылатын болады.

Алдағы жылдары да аталған жұмыстар жалғасын табатын болады, ағаш бағаналары темір бетон бағаналарына ауыстырылып, жаңа трансформаторлар орнатылады. Нәтижесінде аудан халқы сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілетін болады.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді түнгі жарықтандыру маңызды болып отыр. Ағымдағы жылы ауданда мемлекеттік қаржы есебінен 12 көше (құны 60 млн. теңге), жеке инвестиция (Шұбарағаш) есебінен 1 көше жарықтандырылды.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін білім, мәдениет, спорт нысандары салынып жатыр. Ауданда 68 мектеп (67 мемлекеттік, 1 жеке меншік) жұмыс жасайды.  Биыл Тағайна елді мекенінде 200 орындық мектеп, Зертас елді мекеніндегі Шомшақты мектебіне 150 орындық және Көксәйек елді мекеніндегі саз мектебінің қосымша ғимарат құрылыстары мен Ленгір қаласындағы 80 орындықты Оқушылар үйінің құрылысы жүргізілуде.  Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қаратөбе елді мекеніндегі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылында №6 мектеп іске қосылды

Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде, аудан аумағында жаңадан 4 мектептің құрылысы жоспарлануда.

Атап айтқанда: Достық елді мекенінде 900 орындық; Көксәйек елді мекенінде 600 орындық;  Қосағаш елді мекенінде 300 орындық; Бірінші Мамыр елді мекенінде 900 орындық мектептерінің жобалары ұсынылды. Аталған мектептердің үшеуі келесі жылы, біреуі (Бірінші Мамыр) 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жалпы ауданда 55 денсаулық сақтау мекемелер бар.  Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 45 млн теңге бөлінді. 2023 жылдың 9 айында 1975 сәби дүниеге келді. 2023 жылдың 9 айында ана өлімі тіркелмеген. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024 жылға Төлеби ауданы бойынша 5 медициналық нысан 4 ФАП және 1  ДА (Диханкөл, Кеңесарық, Жаңажол, Зертас, Аққұм) салу жоспарланып отыр.

Аудан тұрғындарына мәдени және ойын-сауық қызметін көрсету мақсатында 15 мәдени нысан, 31 кітапхана жұмыс жасайды. Бірде-бір мәдениет нысандары жоқ Аққұм, Киелітас ауылдық округтерінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Момынай (310 млн) елді мекенінде мәдениет үйінің құрылысы аяқталса, ал Киелітас (339 млн) елді мекенінде 146 орындық мәдениет үйі салынуда).

Ауданымызда спорт саласын дамыту мәселесі ерекше назарда.

Тұрғындардың спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 400 спорттық нысан жұмыс жасайды.Соңғы жылдары аудан аумағында мемлекет есебінен 6 кіші футбол алаңшасы және демеушілер тарапынан күрес түрлерінен  1 спорт кешені және 7 футбол манежі салынды.

Сондай-ақ, бюджет есебінен Бірінші Мамыр және Көксәйек елді мекендерінде замануи үлгідегі спорт кешендері салынуда. Бірінші Мамыр елді мекеніндегі спорт кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны биыл 9 айда  50,4  мың адамды құрап, аудан халқының 41%-на жетті.

Ауданда жұмыспен қамту шаралары кенінен жүзеге асырылуда.  «Еңбек» бағыты бойынша 4217  мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды (2650 тұрақты, 1567 уақытша). «Бастау Бизнес» жобасы  аясында 944 адам оқып, сертификат алды. «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бойынша жеке бастамалар аясында 1101 жаңа жұмыс орындары ашылды. «Жастар практикасына» 215  жастар жұмысқа жолданды.  Қоғамдық жұмыс орнына 936 азамат жолданды.

Аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсету мақсатында жалпы 631 отбасыға 232 млн теңге төленді. бойынша биыл 1 023 отбасыға (5 535 адам) 531 млн. теңге қаралып, 580 отбасыға (3 201 адам) 203,5 млн. теңгеге көмек көрсетілді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында  жалпы 90 адамға 124 млн теңге төленді. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Аудан тұрғындарының  76 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Осы тұрғындарды қолдау үшін биыл «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін жабдықтау, тұрғындардың өз кәсібін жаңғырту, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары.  

Сонымен қатар, аудан тұрғындарының сұранысы бойынша, Бірінші Мамыр және Қаратөбе ауылдық округтерінің азаматтары да аталған бағдарламаға енгізіліп отыр.  Бүгінгі күнге ауданға жоспарланған 1,3 млрд теңгенің, 1,1 млрд теңгесіне құжаттары тапсырылып, 142  жобаға 817 млн.теңге несиесі берілді.

 

Жүктелуде...