Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Екібастұзда анасы 7 жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінді

Екібастұзда анасы мен оның танысы 7 жастағы Милананы өлтірді деген күдікке ілінді

Екібастұзда анасы 7 жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінді

Полиция бұған дейін Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтірді деген күдіктілерді анықтады, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың анасы кісі өлтірді деген күдікке ілінді.

Жедел іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Давыдова Милананың жоғалып кетуінің мән-жайы мен себептері анықталды.

Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері қылмыстың іздерін жасырған анасы мен оның танысын ұстады. Ұсталғандар қылмысын мойындады.

Кісі өлтіру дерегіне қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді, Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылықтары бар.