Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Кентауда діни ахуалды тұрақтандыру мақсатында шара өтті

Кентауда республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен кездесулер өтті

Кентауда діни ахуалды тұрақтандыру мақсатында шара өтті
фото: Түркістан дін істер басқармасы

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан дін істер басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кентауда елге танымал дінтанушы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен кездесулер өтті.

Аталған кездесулер №7 кәсіптік колледжі, Кентау гуманитарлық техникалық колледжі, қазақ-неміс политехникалық колледжі және Кентау трансформатор зауытында өткізілді.

Кездесудің мақсаты- дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану және дәстүрлі қазақстандық құндылықтарды кеңінен дәріптеу, ықпалды кереғар ағымдар жайында мағлұмат беру.

Кездесуге дінтанушы, ғалым Зікірия Жандарбек, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ доценті Сержан Оразбай, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Жалғас Жорабек, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері Жайна Аринова, Нұрсәуле Әмзехан қатысты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде, олар дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданады. Дін және оның құндылықтарымен бүркемеленген уағызшылар адамзат қауымдастықтары арасында алауыздық пен өшпенділік туғызып, бүкіл әлемде төзімсіздік пен зорлықты орнатады. «Діни экстремизм» астарында мынаны түсіну керек – дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдану. Діни экстремизм тар мағынасында діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Мұндай экстремизмнің негізін демагогиямен байланысқан зорлық, агрессия және шектен шыққан қаталдық құрайды. 

«Терроризм» терминіне келсек, латын тілінен аударғанда «қорқыныш, үрей» дегенді білдіреді, яғни экстремизм сипатының көрініс табуы. Терроризм зорлықтың аса қатыгез, үрейлі формалары мен әдістері арқылы саяси мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметті білдіреді. Бұл барған сайын түрлі формаларға еніп, қарқынды үрей туғызып келе жетқан қазіргі заманның ең қауіпті әрі болжамы күрделі құбылысы. Террористік актілер адамдардың жаппай қырылуына әкеледі және бұқара халықтың басым бөлігіне психологиялық қысым көрсетеді, материалдық және рухани құндылықтардың бұзылуына, кейде мұндай зардаптардың салдары қалпына келтірілмейтіндей деңгейде орын алады, мемлекеттер арасында алауыздықтар туындату арқылы соғыстардың тұтануына ықпал етеді, әлеуметтік және ұлттық топтар арасында сенімсіздік пен өшпенділіктің пайда болуына әкеледі. 

Ескерте кетейік, дін мәселесін зерттеумен айналысатын  мамандардан құрылған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы да өз нәтижесін беріп, жат ағымдардың  жолына тосқауыл бола алды деуге болады. Жат діни ағымдардың қызметінен зардап шегушілермен адрестік жұмыстар, оларды қалыпты ортаға қайта оңалту жұмыстары да жүргізіліп келеді.  Діндер тарихына үңілетін болсақ сан жылдар бойы дін атын жамылған талай жымысқы жат ағымдар пайда болып, кейін қайтадан жойылып кетіп отырған. Деструктивті діни ағымдардың бірі құрыса  оның орынына жаңасы пайда бола қалып, ғаламтор арқылы жылдам таралуы да  таң қалатын үрдіс емес. Сондықтан  да біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек.

Діни экстремизм ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды.

Қазіргі уақытта елімізде діни ахуал тұрақты. Дін мәселесін зерттеумен айналысатын  мамандардан құрылған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы да өз нәтижесін беріп, жат ағымдардың  жолына тосқауыл бола алды деуге болады. Жат діни ағымдардың қызметінен зардап шегушілермен адрестік жұмыстар, оларды қалыпты ортаға қайта оңалту жұмыстары да жүргізіліп келеді.  Діндер тарихына үңілетін болсақ сан жылдар бойы дін атын жамылған талай жымысқы жат ағымдар пайда болып, кейін қайтадан жойылып кетіп отырған. Деструктивті діни ағымдардың бірі құрыса  оның орынына жаңасы пайда бола қалып, ғаламтор арқылы жылдам таралуы да  таң қалатын үрдіс емес. Сондықтан  да біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек. Ол үшін мемлекет болып, қоғам болып жұмыла күресуіміз тиіс. Жастардың бойына патриоттық сезім,  қоғамдағы зайырлылық қағидаттарының нығаюуына,  дәстүрлі  құндылықтарымыздың берік сақталуын баса көңіл аударуымыз маңызды.