Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің шешіміне және Түркістан облысы полиция департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігімен олардың құқықтарын қорғау бағытында, оның ішінде жасөспірімдер арасында өз өзіне қол жұмсау фактілерінің алдын алу, болдырмау мақсатында Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ердәулет Амантаев оқушы жастармен кездесті.
Сонымен қатар кездесуге Қазығұрт АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары Д.Акимбеков және ювеналдық полиция қызметкерлері мен Қазығұрт ауданында орналасқан Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясы, Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектептерінің 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар, оның ішінде оқу орындарындағы әлімжеттілік (буллинг), ұрлық қылмыстары, құмар ойындар (лудомания), ерте жүктілік, суицид, есірткі, жол жүрісі қауіпсіздігі және әлеуметтік желілер және месенджерлер мен басқа да интернет-сервистерді пайдалану тақырыбында айтылды.
Сонымен қатар құқық қорғау органдарының оқу орындарына қалай түсуге болатыны бойынша да жастарға бағыт бағдар берілді. Айта кетерлік бір жайт, аудан мектептеріне «Дабыл» нүктелері мен бейнебақылау камералары орнатылған және Түркістан облысы ПД-нің Жедел басқару орталығына қосылған.
Ескерте кетейік, қазір жасөспірімдер есірткі өнімдерін тұтынып денсаулығымен қатар болашағын да бұлыңғыр болдырып жатыр.Бұл – қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларының бірі болып отыр. Бүгінгі таңда, есірткіні ғаламтордан немесе түнгі клубтардан оңайшылықпен сатып алуға болады. Әдетте, алғашқы кезде сатушы есіркіні тегін ұсынады, ал тәуелділік пайда болған соң, көп ақша талап ете бастайды. Сондықтан, нашақорлар жаңа дозаға қол жеткізу үшін ұрлық немесе тонау сияқты қылмыстық әрекеттерге баруға мәжбүр болады.
Нашақорлық жастардың есірткіге деген қызығушылығынан басталады. Іші пысқан немесе жаңа эмоция сезінгісі келген жасөспірім, бір рет дәмін татып көрген соң, бұл әсерді тағы да сезінгісі келеді. Осылайша, тәуелділік туындайды. Жақын адамдардың тарапынан махаббат пен жылулықтың болмауы және ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілік, осы дертке әкелуі мүмкін. Жас балалар есірткінің көмегімен, жанұядағы проблемалардан және жағымсыз эмоциялардан арылғысы келеді. Депрессия, бақытсыздық, мазасыздық және өз күшіне сенбеушілік секілді белгілер өз-өзін төмен бағалайтын және басқаларды өзінен жоғары санайтын адамдарға тән. Олар ештенеге қызығушылық танытпай, тұйық өмір сүреді. Ішкі ауруын басатын жолдарды іздеу барысында алкоголь, есірткі сияқты «көмекшілер» сахнаға шығады.
Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді. Нашақорлық–жеке тұлғаның толық бұзылуы. Нашақорлықты емдеумен айналысатын мамандар оны «биопсихоәлеуметтік рухани» бұзылыс деп атайды. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді.
Есірткілер немен қауіпті?
Есірткілерді тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға дейін өзгеруіне, денсаулығының нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді.
Есірткі тұтынатын жасөспірімдер мен жастар өздерін қоғамға және Заңға қарсы қояды, олардың болашағы жоқ. Нашақорлыққа шалдыққан науқас өмірінің орташа ұзақтығы 2-3 жыл.
Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.
Олай болса достар, денсаулығымызға зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық. Адам баласының жаман әдеттерден аулақ болуы ол өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы деп есептеймін. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болатын ол қазіргі жас ұрпақ, сол мемлекетімізді биік шыңдарға жеткізу, халқына қызмет ету тек қана дені сау жастарымыздың қолынан келеді.
Нашақорлық туралы қаншама айтылып, көрсетіліп жүрсе де, оның азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыздықта күреспей, ел болып,халық болып біріге күрессек ғана оның алдын ала аламыз. Нашақор жандардан дүниеге дені сау перзент келуі екі талай, себебі есірткі дүние есігін әлі ашпаған,іште жатқан сәбидің ағазаларың улайды, сондықтан жастар ойланайық, болшақ ұрпағымыздың өміріне балта шаппайық.
Жүйке жүйесі, жүрек және бауыр қатты зардап шегеді. Ұзақ уақыт пайдалану ішкі ағзалардың жұмысын бұзады. Есірткіні қабылдауды тоқтатқаннан кейін депрессия, қатты шаршау және ұйқышылдық басталады. Ағзаны қалпына келтіру үшін уландырғыш затты қайтадан қолдану керек болады. Нашақордың өмірі түбегейлі өзгереді. Ол өтірікші, дөрекі, қатал және өзімшіл адамға айналады. Бірте-бірте оның ойлау қабілеті төмендейді. Достарының сенімін жоғалтып, жақындарынан айырылады бастайды. Жанында тек өзі сияқты нашақорлар ғана қалады. Кезекті «дозаға» ақша табу үшін кез-келген әрекетке баруға дайын, тіпті адам өлтіруі де мүмкін. Зерттеулерге сәйкес, нашақорлардың жартысынан көбі – қылмыскерлер.
Жалпы нашақорлық, суицид, оқу орындарындағы әлімжеттілік (буллинг), ұрлық қылмыстары, құмар ойындар (лудомания), ерте жүктілік, жол жүрісі қауіпсіздігі және әлеуметтік желілер және месенджерлер мен басқа да интернет-сервистерді пайдалану адам өмірін құртатын дүниелер.