Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шарасы өтті

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Түркістан облысының аумағында рейд өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шарасы өтті
фото: polisia.kz

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Яғни кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында, көшеде жүруін болдырмау үшін тәртіп сақшылары қоғамдық көмекшілермен бірге түнгі уақытта рейдке шықты. Іс-шара барысында беймезгіл уақытта қыдырып жүрген кәмелет жасына толмағандар анықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ата-аналарына жеткізіліп, жауапкершілік қаралды.

Мәселен ағымдағы жылдың 10 айында ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүргені үшін 5 300-ден аса ата-ананың жауапкершілігі қаралды. Сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында балалардың заңды өкілінсіз болуына жол берген 114-ге жуық мекеме иелері ӘҚБтК-нің 132-бабымен жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Айта кетейік, көліктегі қылмыстар - Қылмыстық заңнама бойынша - қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс түрлерінің бірі.

Оларға мыналар жатады:

  • темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу;
  • көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы;
  • жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу;
  • көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралдарын жүргізуге жіберу;
  • көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру;
  • көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу;
  • пойызды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату;
  • көлікте қолданылатын ережелерді бұзу;
  • магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу;
  • труба құбырларын закқмдау немесе қирату;
  • кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі;
  • ұшудың халықаралық ережелерін бұзу.