Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреу үйінің бөлмесінің терезесін күштеп ашып кіріп, қонақ бөлмеде тұрған «Samsung» маркалы теледидарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 300.000 теңге.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.
Ақпарат алысымен полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде ізін суытпай бұрын сотты болған, жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам түнгі уақытта терезені сындыру арқылы үйге заңсыз кіріп, жасырын түрде теледидарды алып шыққан.
Тәртіп сақшылары қолды болған затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оның бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Айта кетейік, қазіргі таңда ұрлық жиілеп барады. Осы тұрғыда пәтер, үй ұрлықтарын алдын-алу мақсатында келесідей шараларды қолданғандарыңыз жөн болады:
- Пәтеріңізді ұзақ мерзімге қараусыз қалдырмаңыз;
- Пәтеріңіз бірінші немесе екінші қабатта орналасса, терезелеріңізді міндетті түрде темір тормен жабдықтаңыз;
- Есігіңізге сенімді механизмі бар құлып қондырыңыз;
- Бейнебақылау жүйесі мен дабыл құрылғыларын орнатыңыз;
- Өздерін жөндеу қызметінің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырса да, қызмет куәліктерін тексерусіз бөтен адамдарды пәтерге кіргізбеңіз.
- Балаларыңызға танымайтын адамға есік ашуға тыйым салыңыз;
- Ұзақ мерзімге кетіп, үйді қараусыз тастаған жағдайда, көршілерден үйіңізді қарап, келген поштаны уақытылы алуларын сұраңыз;
- Бөтен адамдарды домофонмен дәлізге кіргізбеңіз;
- Егер Сіз ұрлық сәтінің куәгері болсаңыз дереу «102» арнасына немесе 3-03-60 жұмыс телефонына қоңырау шалыңыз!
Егер сіздер еріксіз пәтер ұрлықтарының құрбаны болсаңыздар, онда ұрланған заттарды толығырақ сипаттауға тырысыңыздар. Бұл – полиция қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді және ұрланған затты заңды иесіне қайтаруға мүмкіндік береді. Осылайша, қарапайым ережені сақтай отырып, пәтер ұрлығының алдын-алу мүмкіндік болатын еді.