Палау қымбаттайды! Күріш өндіру азайды

Күріш импортының үлесі 4%-дан 14%-ға дейін өсті

фото: paryz.kz

2023 жылдың қаңтар–қазанында күріш өндірісі 177,2 мың тоннаны құрады, бұл былтырғы кезеңнен 9,8% аз. Ал, бұған дейін үш жыл қатарынан өндіріс көлемінің өсуі байқалған еді. ҚР-дағы күріштің барлығы дерлік Қызылорда облысында өндіріледі, ал қалған 10%-дан азы Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарынан келеді деп newsroom.kz порталы хабарлайды.

2023 жылдың қаңтар–тамызында елге 21 мың тонна жартылай немесе толық  тазартылған және уатылған күріш импортталды, бұл 2022 жылдың кезеңімен салыстырғанда бірден 3,3 есе көп. Ішкі нарықтағы импорт үлесі 3,9%-дан 13,6%-ға дейін өсті. 74,8 мың тонна күріш экспортталып, оның жартысынан астамын Өзбекстанға жіберді. Экспорттың айтарлықтай көлемін Ресей мен Тәжікстанға да жіберді.

Биыл қазан айының соңында күріш бір жылда 40,3% өсті және бұл бағаның өсуі былтырмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Бұған дейін күріш екі жыл қатарынан арзандаған еді.
2023 жылдың қазан айында күріштің бір келісінің орташа бөлшек сауда бағасы 2022 жылғы қазандағы 473 теңгемен салыстырғанда 654 теңгені құрады.

ҚР ірі қалаларының ішінде ұнтақталған және жылтыратылған күріштің ең жоғары бағасы Ақтау қаласында тіркелді: келісі 904 теңге. Одан кейін Орал мен Астана: 829 теңге және 821 теңге.
Күріш Қызылорда (495 теңге), Петропавл (510 теңге) және Талдықорғанда (519 теңге) ең арзан болды.

Жүктелуде...