Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Қылмыс

Қонаевта полиция қызметкерлері 14 жастағы қызды зорлаған ба?

Қоғам белсендісі Қонаевтағы жантүршігерлік оқиғаны айтты

Қонаевта полиция қызметкерлері 14 жастағы қызды зорлаған ба?
фото: ашық дереккөзден

 Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желісінде жантүршігерлік оқиғамен бөлісті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Оның анонимді дереккөзінің хабарлауынша, Қонаев қаласында екі полиция қызметкері қызметтік жағдайын пайдаланып, 14 жастағы оқушымен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсірген көрінеді.

"Білуімізше, күдіктілердің бірі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор,  екіншісі ғимаратты күзету жөніндегі полицияның қызметкері, қазір екеуі де қамауға алынып, жұмыстан шығарылған. Қалалық полиция басқармасының бәрі біледі, бірақ бастықтары тіс жармауды бұйырған", - дейді қоғам белсендісі.

Дина Таңсәрі Бас прокуратурадан істі жеке бақылауға алуды сұрайды.

"Біз бұл жағдай туралы білгендіктен, үндемей қала алмаймыз, әйтпесе қылмысты жасырғанымыз үшін бізге 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр", - деп қосты ол.