Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қапшағайда қыз суға батып кетті: демалыс орны уақытша жабылды

Қапшағай су қоймасындағы қайғылы жағдайдан кейін Қонаев қаласының әкімдігі ресми мәлімдеме жасады.

Қапшағайда қыз суға батып кетті: демалыс орны уақытша жабылды

Әкімдіктің мәліметінше, 7 шілдеде болған оқиғаға байланысты Қонаев қалалық полициясы Қылмыстық кодекстің 306-бабы, 3-тармағы бойынша (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету) қылмыстық іс қозғаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қайғылы оқиға тіркелген демалыс аймағының жұмысы уақытша тоқтатылды, — делінген ресми хабарламада.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қала аумағындағы жағажайлар мен демалыс аймақтарына мониторинг жалғасуда. Тексеру кезінде анықталған заңбұзушылықтар тиісті органдарға жолданып, шара қолдану сұралуда.

Бұған дейін прокуратура, төтенше жағдайлар қызметі мен әкімдік мамандары кәсіпкерлермен бірнеше рет кездесіп, қауіпсіздік талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірген.

— Қонаев қаласында кез келген төтенше жағдай мен өтінішті қабылдайтын 109 Бірыңғай байланыс орталығыжұмыс істейді. Тұрғындар мен қонақтар жағажайлар немесе демалыс орындарына қатысты шағымдарын осы нөмірге хабарлай алады. Сонымен қатар, 112 жедел желісі де қолжетімді, — деп мәлімдеді қала әкімдігі.

Айта кетейік, жаз маусымында Қапшағай су қоймасында қауіпсіздік мәселесі жыл сайын өзекті болып келеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату