Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ордабасы ауданында «Мектеп» іс-шарасы қарқынды жүргізілуде

Түркістанда Қабденов нұсқауымен іс-шара өтті

Ордабасы ауданында «Мектеп» іс-шарасы қарқынды жүргізілуде
фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Ордабасы ауданында "Мектеп" іс-шарасы өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ-нің тапсырмасы мен Түркістан ПД бастығы М.Қабденовтың нұсқауына сәйкес республикалық «Мектеп» профилактикалық іс-шарасы өтуде. Полиция бөлімі бастығының орынбасары Руслан Мейірбеков «Мектеп» профилактикалық іс-шарасы кезінде «Ынтымақ» жалпы орта мектебінің оқушыларымен кездесті.

Іс-шарада полиция подполковнигі мектеп оқушыларына қылмыс пен құқықбұзушылықтың жауапкершілігін түсіндірді. Сонымен қатар, синтетикалық есірткі мен психотроптық заттарды тұтынудың зардабын атап өтті. Шара соңында мектеп директоры Баянғали Жұмабаев оқушылардың тәрбие жұмыстарын басты назарда ұстап, полицейлермен бірлесе профилактикалық шаралар ұйымдастыруға ықпал ететінін жеткізді.

Айта кетейік, КР ІІМ 1-5-5-6-45/3678 санд нұсқауға сай, балалар қылмысының өсуінің теріс үрдісінің болуына байланысты Президент окушылар арасында қылмыстық психологияның таралуын жоюды, жоғары сынып окушыларының тарапынан окушыларды қорлауды, сондай-ак мектептерде бопсалауды тоқтатуды тапсырды. 

Соған байланысты Түркістан облысы аумағында "Мектеп" жедел профилактикалық іс-шаралары өтуде.