Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркістанда мал ұрылары қамауға алынды

Келес ауданында 6 тұрғын мал ұрланғанын хабарлады

Түркістанда мал ұрылары қамауға алынды
фото: polisia.kz

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Келес аудандық полиция бөліміне 6 ауыл тұрғыны арызданды. Олардың айтуынша, белгісіз біреулер олардың ірі-қара малдарын қолды еткен. Жоғалған малдарын тұрғындар өз күштерімен іздеген, алайда нәтиже болмаған соң полицияға шағымданған.

Полиция қызметкерлері аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-1 баптың «Мал ұрлығы» бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері мал ұрлығын жасағандардың ізіне шығып, екі күдікті ер азаматты ұстады. Олар жұмыссыз жүрген жас жігіттер. Жәбірленушілерге 2,5 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.

Анықталғандай, ұрылар жергілікті тұрғындардың жайылымдарда қараусыз қалған және қорада тұрған төрт түлігін жымқырып, жүк көлігімен артып әкеткен. Содан кейін олар ұрланған малды арзан бағамен сатып, түскен ақшаны өзара бөліп алған. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта үй жануарларын еркін жаю орындарынан, сондай-ақ жануарларды ұстау аумағынан ұрлаудың алдын алу және ескерту өзекті мәселе болып отыр.

Көбінесе азаматтардың өздері қаскүнемдерге оңай пайда табуға себеп болады. Сонымен, барлық елді мекендерде азаматтар мал жаю үшін арнайы бөлінбеген жерлерге шығарады. Сонымен қатар, олар оны қараусыз қалдырады, бұл - малдың жоғалуына, оны өз бетінше іздеуге және жоғалған мал фактілері туралы Құқық қорғау органдарына уақтылы хабарлау мүмкіндігі болмауына әкеледі.

Жеке аулалар мен еркін мал жаю орындарының аумақтарынан үй малын ұрлаудың алдын алу мақсатында азаматтар үй малы ұсталатын аулалардың (биік қоршаулар, қақпалардағы тиек құрылғылары және т. б.) және шаруашылық құрылыстарының техникалық нығайтылуын күшейту бойынша шаралар қабылдауы, өз малын тек ұйымдастырылған мал жаю орындарына айдауды жүзеге асыруы, жануарларды биркалау және таңбалау жүргізуі, үй малын көшеде қараусыз қалдырмауы, еркін жаюға, оның ішінде елді мекен аумағында еркін жаюға жол бермеуі қажет, мал жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз.

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында, "ҚР ІІМ 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті сақтау жөніндегі бағдарламасын" іске асыру шеңберінде полиция бөлімі жергілікті атқарушы органдардың, ветеринариялық қадағалау және бақылау инспекциясының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, қараусыз қалған мал жаю фактілерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

Қараусыз қалған малды жаю фактісі анықталған жағдайда полиция қызметкерлері мен ветеринариялық инспекция өкілдері іс материалдарына тиісті растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасы арқылы иелерін анықтау бойынша шаралар қабылдайды. Қараусыз қалған мал арнайы қораларға орналастырылады, кейіннен иелеріне қайтарылады.