Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Келесте «буллинг», «біз есірткіге қарсымыз», «лудомания» тақырыптары талқыға түсті

Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен Келес ауданында «Буллинг», «Біз есірткіге қарсымыз», «Лудомания» тақырыбында жасөспірімдер арасында іс – шаралар өткізілді.

Келесте «буллинг», «біз есірткіге қарсымыз», «лудомания» тақырыптары талқыға түсті
фото: polisia.kz

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының бас полицейі полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен Келес ауданында «Буллинг», «Біз есірткіге қарсымыз», «Лудомания» тақырыбында жасөспірімдер арасында іс – шаралар өткізілді.

Аталған шараға Келес АПБ басшылығы мен прокуратура қызметкерлері, білім бөлімінің мамандары мен жоғарғы сынып оқушылары, колледж студенттері қатысты.

Шараға қатысушылар «Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды мәселесі болып саналады деп ойларын ашық айтты. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың соңы неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығы жайында қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.