Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 қараша, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Дархан Сатыбалды кәсіпкерлікті дамытудың ұтымды қадамдарын ұсынды

Түркістан өңірінде жиһаз кластерін қалыптастыруға толық мүмкіндік бар.

Дархан Сатыбалды кәсіпкерлікті дамытудың ұтымды қадамдарын ұсынды

Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданының кәсіпкерлерімен және инвесторларымен бизнес саласын талқылау бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Нарықтық бәсеке арқылы кәсіпкерлердің өндіріс қабілеттілігін арттырып, одан ары сыртқы нарыққа бет алудың маңыздылығын түсіндірді.

Кездесу барысында Сауран ауданындағы жаңа жобалар таныстырылды. Бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Кәсіпкерлер өз кәсіптерін кеңейту мен ілгерілету бағытында кездесіп отырған кедергілер мен туындап отырған мәселелер туралы жеткізіп, қолдау сұрады.

Өз сөзінде аймақ басшысы кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалар мен жеңілдіктердің аз еместігін жеткізіп, олардың нәтижесін тілге тиек етті. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашудың маңыздылығын айтты.

- Түркістан өңірінде кәсіпкерлікті әрі қарай дамытып, жаңа деңгейге көтерудің маңызы зор. Бұл орайда жаңа жұмыс орындарын ашуда бизнестің рөлі жоғары. Ал кәсіпкерлер өз кезегінде ашықтық пен айқындылық ұстанымын ұстанып, өз кәсібін дамытуы керек. Өңіріміздегі кәсіпкерлердің креативті идеялар мен ұсыныстарын қолдаймыз. Бәсегеге кәсіпкерлердің өндіріс қабілеттілігін арттырып, одан ары сыртқы нарыққа бет алу өте маңызды, - деді Дархан Сатыбалды.

Облыс әкімі Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелділікті барынша азайту, қоғамдық әл-ауқатты арттыру секілді мәселелерді шешу бойынша берген тапсырмаларын тыңғылықты орындау қажеттігін айтты.

- Сіздердің бастамаларыңыз туралы үнемі хабардармын. Бізде жиһаз кластерін барынша дамытуға мүмкіндік мол. Қытай сапарынан кейін өздеріңізден жақсы бастамалар күтеміз. Ел дамуындағы оң өзгерістер бизнеспен тікелей байланысты болғандықтан саяси реформаларды бірлесе жүзеге асыру керекпіз. Мемлекет кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастырып, кәсіпкерлер қоғамға, халыққа қызмет етсе, бұл өз кезегінде елдің әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс деңгейін көтеруге ықпал ететіндігі сөзсіз. Осыған орай бизнес өкілдерін жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын, - деді облыс әкімі.

Кездесуде кәсіпкерлер субсидия алу, жер телімін бөлу, электр жарығы тарифінің бағасын түсіру, инфрақұрылым жүргізу сынды мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысқан мемлекеттік органдар мен монополист кәсіпорындардың басшылары кейбір сұрақтарға сол жерде жауап беріп, қажетті кеңес берді.

Басқосу ашық пікірталас түрінде өтті.

Кәсіпкерлерді толғандыратын сұрақтар талқыланып, оларға заң талаптары бойынша түсіндірілді.

Мұндай кездесулер алдағы уақытта тұрақты түрде өткізілетін болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі