Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түлкібастық жастар құқықбұзушылыққа қарсы

Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың бастамасымен Түлкібас ауданында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық,буллинг, суицид пен қылмыстың жолын кесу, оқушылар арасындағы құқықтық сауаттылығын арттыру және психотроптық заттардың зияндылығын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Түлкібастық жастар құқықбұзушылыққа қарсы
фото: түркістан облысы баспасөз қызметі

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың бастамасымен Түлкібас ауданында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық,буллинг, суицид пен қылмыстың жолын кесу, оқушылар арасындағы құқықтық сауаттылығын арттыру және психотроптық заттардың зияндылығын түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Кездесуге Түлкібас ауданының полиция бастығы Алмас Серікбаев, аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов пен аудандық орталық мешіттің бас имамы және Түлкібас Агро—бизнес және саяхат колледжінің студенттері қатысты.

“Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу бүгінгі күннің маңыздылығы”, - деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов.

Ал полиция полковнигі А.Серікбаев «Әрбір азамат заң талаптарын бұзбай, өзіне жүктелген міндеттерді орындауы қажет. Өйткені заң– өмірдің нәрі, заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен дәлдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – оны бұзу азаматты жауапкершіліктен құтқармайды”, - деп колледж студенттеріне түсінікті тілмен жеткізе білді. Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға ашық пікірталас алаңында өз ойларын ортаға салуына мүмкіндік берілді.