Түркістанда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыланды

Түркістан ҚПБ-ның жеке құрамы арнайы түзілген кестеге сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Түркістандағы білім беру ұйымдарының оқушыларымен кездесу өткізді.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан ҚПБ-ның жеке құрамы арнайы түзілген кестеге сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Түркістандағы білім беру ұйымдарының оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде тәртіп сақшылары қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу екендігіне назар аударды.

Жиын барысында оқушыларға дүкендерде темекі мен алкогольдік ішімдіктер сатылмайтыны, жол жүру ережесін бұзу қайғылы жағдайға ұшырататыны, әрбір жауапсыздықпен жасалған шалыс қадам ата-аналарына қиындық туғызатыны, жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі бойынша тәртіп қатаңдатылып, аздаған бұзақылықтың өзі қылмысқа теңелетінін егжей-тегжейлі баяндалды.

Кездесу соңында аталған іс әрекеттердің қандай залал келтіретінін сипаттайтын арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, білім беру ұйымдарында және полиция басқармасының профилактикалық есебінде тұрған жасөспірімдерді бақылау және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар айтылды.

Жүктелуде...