Күнгей өңір браконьерлікке қарсы

Түркістан облысы ПД-нің бастығы М.Қабденовтың нұсқауына сәйкес облыс көлемінде браконьерлікке қарсы нақты шаралар жүріп өтіпті

фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы ПД-нің бастығы М.Қабденовтың нұсқауына сәйкес облыс көлемінде браконьерлікке қарсы нақты шаралар жүріп өткен.

Табиғатты қорғау заңнамасы бұзушылықтары, биологиялық ресурс объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған «Браконьер» өңірлік профилактикалық іс-шарасы өткен.

Бұл туралы newsroom.kz Түркістан Облысының Полиция Департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және табиғатты заңсыз пайдалану фактілерін анықтау барысында ауданға қарасты аумақтар мен «Бөген» су қоймасы тексеріліп, нәтижесінде тиісті ескерту шаралары беріліп, ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабы 1 тармағына сәйкес 7 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды.

Ордабасы аудандық полиция бөлімі қызметкерлері аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Жүктелуде...