Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ордабасыда отбасы институтының рөлі тақырыбында мастер-класс өткен

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының сала мамандары аудандағы «Қолайсыз отбасы» тізіміндегі отбасыларға психологиялық кеңестер беріп, отбасылық дағдарыстан шығу жолдарымен бөлісті.

Ордабасыда отбасы институтының рөлі тақырыбында мастер-класс өткен
фото: baq.kz

Отбасы адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі!

Отбасының қоғамдағы рөліне толыққанды баға беруге болмайды, себебі адамның қоғамдағы өмір сүру қабілеттілігі мен дағдарысы қалыптасады. Ал, отбасындағы қолайсыздық – құқық бұзушылықтың негізгі себебі.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының сала мамандары аудандағы «Қолайсыз отбасы» тізіміндегі отбасыларға психологиялық кеңестер беріп, отбасылық дағдарыстан шығу жолдарымен бөлісті.

Бұл туралы newsroom.kz Түркістан Облысының Полиция Департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Жанар Муратбекова отбасындағы қолайсыздықтың басым көпшілігі спирттік ішімдіктің себебінен жұбайына қол көтеру, зорлық көрсетуден орын алатындығын жеткізді.Сондай-ақ, оларға әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында бос жұмыс орындары да ұсынылғанын атап өтті.

Отбасының орнықты дамуын жетілдіру, ата-ана жауапкершілігін арттыру, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды дәріптей отырып, бақытты отбасын құру-әрбір азаматтың міндеті.