Шымкентте 56 мыңнан аса адам жұмыспен қамту шараларына тартылды

Осы кезге дейін 56 379 адам мемлекеттік бағдарламалар аясында әртүрлі жұмысқа тартылды.

Ғаламтор желісінен

Шымкент қаласындағы жұмыссыздар қатарын азайту мақсатында биыл 57 181 азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған, деп хабарлайды newsroom.kz.

🔷 Оның ішінде 33 мыңнан астамы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде қамтылса, халықты жұмыспен қамту және тұрмысын жақсарту бағытындағы ауқымды жобалар аясында 11 784 адам кәсіпкерлікті қолдау шараларына ие болған.

🔷 Кешенді жұмыстар шеңберінде 452 шымкенттік мемлекеттік грант иеленсе, 8349 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған. Ал 10 мыңға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

🔷 Сонымен қатар ұлттық жобалар аясында және азаматтардың жеке бастамасымен құрылған жұмыс орындарына 23 мыңға тарта тұрғын орналастырылды.

🔷 Биыл 21-35 жас аралығындағы 261 азаматқа жеңілдетілген 2,5% шағын несие беру жоспарланған еді. Үміткерлердің 400-ден астамы бизнес жобасын қорғап, 231-іне комиссия оң шешім шығарды. 159-на қаражаты аударылып, бүгінде олардың көпшілігі жеке кәсіптерін бастап кетті.

Айта кетсек, 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 640,7 мың адам қатысты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, 449,9 мың адам жұмысқа орналасты, оның 260,4 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 189,5 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 17,2 мың адам, жастар практикасымен 30,4 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 118,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 8,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 442 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 14,5 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 42,3 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 38,5 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 127,9 мың адам қамтылды, оның ішінде 95,8 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 126,7 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан 9102 грант берілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...