“Бизнестің жол картасы-2025” бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы тұрғындарға түсіндірілді. Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
Біріңғай бағдарлама 4 бағытты қамтиды:
Моноқалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
Экономиканың және өңдеу өнеркәсібінің басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салалық қолдау;
Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;
Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржылық емес шаралар.
Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген.
Бағдарламаның мақсаты - өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру.
Қазіргі уақытта бағдарлама мынадай үш бағыт бойынша іске асырылуда, олардың екеуі қаржылық қолдау шараларына жатады:
- Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау:
кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және банктердің кредиттеріне ішінара кепілдік беру.
Бұл бағыт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 шілдедегі (№ 491) қаулысымен «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бағытының орнына енгізілген.
- Кәсіпкерлерді индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау:
кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің кредиттеріне ішінара кепілдік беру, кәсіпкерлер жобалары мен индустриялық аймақтардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз ету, мемлекеттік гранттар беру.
- Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шараларын ұсыну:
1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;
3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
4) іскерлік байланыстарды кеңейту.
«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қолданылу кезеңінде (2010 жылдан бастап) Ақмола облысында жалпы сомасы 223,8 млрд. теңгеге 3789 жоба мақұлданды, оның ішінде:
- пайыздық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау (1,2,3 бағыт, портфельдік) - 185,2 млрд. теңге несие сомасына 2603 жоба;
- ШОБ кредиттері бойынша кепілдік беру бойынша 25,1 млрд. теңге несие сомасына барлығы 957 жоба мақұлданды, кепілдік сомасы 11,1 млрд. теңгені құрайды;
- гранттық қаржыландыру бойынша 527,5 млн. теңге грант сомасына барлығы 169 жоба мақұлданды;
- жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу бойынша 13 млрд. теңге сомасына барлығы 57 жоба мақұлданды.
2010-2019 жылдары бағдарламаны іске асыру кезеңінде оның қатысушылары 1 355,626 млрд.теңге сомасына өнім өндірді, 107,805 млрд. теңге сомасына салық төленді, 24,095 мың жұмыс орны сақталды және құрылды.
2020 жылы оның қатысушылары 25,7 млрд. теңге сомаға салық төледі, жедел деректер бойынша 150 жұмыс орны құрылды.
2021 жылы БЖК-2025 бағдарламасын іске асыруға 7 299,493 млн.теңге бөлінді, ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 5 119,902 млн. теңге (70,1%) игерілді, 1417 жобаға қолдау көрсетілді.
Оның ішінде:
- субсидиялауға 4 256,127 млн. теңге бөлінді, 3 208,3 млн. теңге немесе 75,4% игерілді, 2021 жылы 1012 жаңа жоба бойынша 25,4 млрд. теңге кредит сомасына субсидиялау басталды, 2021 жылғы қаңтар-қазанда 3 569,8 млн. теңге сомасына субсидиялар төленді;
- несиелерді кепілдендіруге 1 317,895 млн. теңге бөлінді, 984,4 млн. теңге немесе 74,7% игерілді, несиелер бойынша 7 075,2 млн. теңге несие сомасына 357 кепілдік берілді, кепілдік сомасы 3 692,5 млн. теңгені құрайды;
- 170 млн. теңге сомаға 38 грант мақұлданды, оның ішінде 160 млн. теңге сомаға 36 грант берілді (екі жоба бойынша грант беруге қалыптасқан қаражат тапшылығына байланысты 2021 жылғы 4 қазанда Ақмола облысының ЭБЖБ-на облыстық бюджеттен 9 994 017 теңге сомаға қосымша қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жіберілді);
- өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге 1 565,471 млн.теңге бөлінді, 10 жоба бойынша 767,202 млн. теңге (49%) игерілді (05.11.2021 ж. игеру).