Ауыл тұрғындары ауылда атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері толатынын атап, жайылым жердегі су мәселесін көтерді. Бұлақтар тартылып су ішуге мүмкіндік жоқ деген ауыл тұрғындарына Қуаныш Искаков астау істеп, бұлақтарды ашу бойынша жұмыс атқаратынын түсіндірді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Қала әкімінің міндетін атқарушы Қуаныш Ғалымжанұлы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өз ісін бастаған шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Ауыл тұрғыны А.Салы 8400,0 мың теңге несие алып, мал бордақылау жұмысын бастаған. Бүгінгі таң 35 бас жылқы бодақылануда.
Сондай-ақ жергілікті бюжеттен ауылдағы шағын футбол алаңшасының құрылыс барысын бақылады.
Сонымен қатар, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылыстан өткен көшелерді аралады. Биыл Хантағы ауылындағы 6 көше, ұзындығы 8,3 шақырым құрайтын жолдар орташа жөндеуден өткен болатын.
Айта кеткен жөн, «Ауыл аманаты» жобасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. Өткен жылы жаңа бағдарламаны ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілді. «Amanat» партиясы жанынан арнайы құрылған мобильді топтар барлық дерлік өңірді аралап шығып, елді мекендердің 250 мыңнан астам тұрғынына «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен таныстырды. Оның ішінде ең шалғай деген ауылдардың тұрғындары да қамтылды. Бапталған бағдарламаның басты шарттарымен тыңғылықты таныстыру және бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасау мақсатында жүргізілген жоба аясында ауыл тұрғындары өз кәсіптерін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге қажетті түрлі ақпараттарға молынан қанықты.
Жыл басында өткен жобаға жол ашып берген алқалы жиында «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов: «Бұл – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, проблемаларын жедел шешуге, ауылдарды көтеруге мүмкіндік беретін нақты қадам. Жобаны пилоттық іске қосу қорытындысы бойынша Жамбыл облысының 11 ауылдық округінде ауылдардағы орташа айлық табыс 1,7 есе өсті, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3 есе азайды, жұмыссыздық деңгейі 36%-ға төмендеді. Үкімет пен «Amanat» партиясының міндеті – «Ауыл аманаты» жобасын бүкіл елге масштабтау. Жобаның барлық артықшылықтары туралы халықты дұрыс ақпараттандыру аса маңызды», деген еді.