Бұл туралы newsroom.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті. Бүгін, 15 қарашада эвакуацияның бірінші кезеңі жүзеге асырылды. Жақын арада Каир қаласына жетеді.
Қазақстан азаматтары Газа секторынан Каирге жеткізілгеннен кейін ҚР Үкіметі оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайды.