Құжатқа АҚШ президенті Дональд Трамп, Мысыр басшысы Абдель Фаттах ас-Сиси, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған және Қатар әмірі Тамим ибн Хамад Әль Тани қол қойған.
Бұл төртеуі де бірнеше айға созылған Израиль мен Палестина арасындағы келіссөздерге ара ағайын болған.
«Бұл – Газадағы соғыстың аяқталуынан да маңызды оқиға. Бұл – Таяу Шығыс үшін жаңа бастау», – деді Дональд Трамп.
Келісім 10 қазаннан бастап күшіне енді. Ол бойынша тұтқындар алмасу және азаматтық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен қалпына келтіру қарастырылған.
Саммитке ондаған мемлекет басшылары, соның ішінде Макрон, Стармер, Мелони, Аббас және Әлиев қатысты. Израиль мен ХАМАС өкілдері салтанатты рәсімге қатыспады.