Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Медицина

Енді дәрігердің қабылдауына QR-код арқылы кіре аламыз

Қазақстанда жаңа пилоттық жоба іске қосылды

Енді дәрігердің қабылдауына QR-код арқылы кіре аламыз
фото: roskod.ru

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп пациенттің медициналық көмекті  QR-код арқылы алатын пилоттық жобаны іске қосты,- деп хабаралйды newsroom.kz порталы alau.kz -ке сілтеме жасап.

Пилоттық жобаға Астана, Алматы қалаларының және Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдары қатысады.

 QR - код пациенттің дәрігерге барғанын растайтын, сондай-ақ, пациент пен денсаулық сақтау маманы арасындағы қауіпсіздік пен ашықтықты қамтамасыз етеді.

Науқас емханаға EGOV Mobile мобильді қосымшасының көмегімен келіп, дәрігердің кабинетінде ұсынылған QR-кодты сканерлеп өзінің келгенін растайды.

Сондай-ақ, QR-код арқылы пациент қажетті ақпаратпен — емхананың атауымен, медициналық ақпараттық жүйенің атауымен таныса алады, дәрігерге барған күні мен уақытын, дәрігердің тегі мен атын, медициналық қызмет көрсетуге өзінің келісімін және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін көре алады.

QR-код - медициналық көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге, пациенттің көмекке көңілі толғанын бағалауға және ең бастысы, пациент дәрігерге іс жүзінде бармаған кезде медициналық ақпараттық жүйелердегі "тіркеулерді" алып тастауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, медициналық мекемелердің өздері бұл жүйені медициналық көмектің сапасын бақылау үшін қолдана алады.

Пилоттық жобаны енгізуге дайындық барысында QR-растау бойынша алдын ала сауалнама нәтижелері ескерілгенін атап өткен жөн. Сауалнамаға 1105 пациент және 2732 дәрігер қатысты. Сауалнаманы талдау нәтижелері бойынша пациенттердің 50%-ы дәрігерге баруды растау үшін QR кодын енгізу идеясына оң көзқараспен қарайды және 48%-ы QR-растау арқылы қабылдауларын бақылағысы келеді, бұл пациенттердің оң көзқарасы мен жаңа құралды енгізуге дайындығын көрсетеді.