Қазақстандық синоптиктер 15 қараша, сәрсенбі күні елімізде күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды newsroom.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның екпінімен күн жауын-шашынсыз болады.
"Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың батысында және солтүстік-батысында жаңбыр, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанды", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ синоптиктер республика бойынша тұман түсіп, жел күшейетінін айтты.