Петропавлдағы 66/37 әскери бөліміне қарасты "Бүркіт" арнайы жасағының жауынгері абайсызда атылған оқтан қайтыс болды, деп хабарлайды newsroom.kz.
Оқ сержант Чужиковтың ішіне тиген. Әріптестері жаралы адамды ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады, деп мәлімдеді qazaqstan.tv.
Марқұмның соңында әйелі мен балалары қалды.
"Бүгінгі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот-сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі Петропавл горнизонының әскери прокуратурасы бақылауға алды",- деді Петропавл горнизонының әскери прокуроры Мейіржан Қасымжанов.