Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Әлем

Өзбек президентінің отбасына тіл тигізіп 2,5 жылға сотталды

19 жасар жігіт президентті балағаттағаны үшін сотталды

Өзбек президентінің отбасына тіл тигізіп 2,5 жылға сотталды
Фото: gazeta.uz

Самарқанд облысының Каттакурган аудандық соты 19 жасар Дильшод Искандаровты "президентті қорлады (Қылмыстық кодекстің 158-бабының 3-бөлігі)" деген айыппен екі жарым жылға бас бостандығынан айырды, деп newsroom.kz порталы azattyq.org сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының хабарламасына сәйкес, осы жылдың жазында Искандаров Дильшад Ресейде болған кезінде Instagram-да президент Шавкат Мирзиеевтің отбасы туралы бейнероликтің астына : "Ш.М. Мирзиеев сенің отбасыңа…" деп балағат сөз жазған. Кейінірек Искандаров ол жазбаны алып тастаған.

Өзбекстан Әділет министрлігі жанындағы Сот сараптамасы орталығы Дильшод Искандаровтың жазбасында "президентті қорлау мен беделін түсіруге байланысты әрекеттер бар" деген қорытындыға келді.

2022 жылдың қарашасында Дильшод Искандаров Ресейдің Владивосток қаласына жұмысқа кеткен көрінеді. Ал, 2023 жылдың тамызында ол Интернетте жариялаған жазбасы үшін оған қарсы іс қозғалғанын білгеннен кейін Өзбекстанға оралады.

Сотта Искандаров кінәсін толық мойындады. "Ол Шавкат Мирзиеевтің саясатына қарсы емес, тек жастық пентүсінбеушіліктен Президент туралы балағат сөз жазғанын айтты",-делінген сот шешімінде. Сот сонымен қатар оның Instagram парақшасын бұғаттауға шешім қабылданды.