Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Қылмыс

Алматыда 3 баласымен терезеден секіріп кеткен әйелдің оқиғасы: тергеу қалай аяқталды?

Қайғылы оқиға 2021 жылдың қарашасында Жетісу шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған

Алматыда 3 баласымен терезеден секіріп кеткен әйелдің оқиғасы: тергеу қалай аяқталды?
фото: tengrinews.kz

Алматы прокуратурасы үш баласы мен ананың өзіне қол жұмсау оқиғасын тергеу қалай аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды newsroom.kz.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2021 жылдың қарашасында Жетісу шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған еді. 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласымен тоғызыншы қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде тағы қаза болды.

Прокуратура сол жылдың 22 қарашасында балалар мен әйелдің өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.

2022 жылдың 27 ақпанында қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылған. Айта кетейік, бұған дейін әйелдің әрекетіне күйеуімен бір күн бұрын болған жанжал себеп болғаны айталған еді.