Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

50 млн! Назарбаев қоры Қарағандыда қаза тапқан кеншілер отбасына көмекке қаржы бөлді

Назарбаев қоры Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына 50 млн теңге бөлді

50 млн! Назарбаев қоры Қарағандыда қаза тапқан кеншілер отбасына көмекке қаржы бөлді
фото:Нұрсұлтан Назарбаев пен Лакшми Митталдың кездесуі, 2015 жыл

Нұрсұлтан Назарбаев қоры Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы апаттан қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына 50 млн теңге материалдық көмек береді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты еліміздің Тұңғыш Президентінің тапсырмасымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына 50 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2023 жылдың 28 қазанына қараған түні Костенко атындағы шахтадан өрт шығып, 200-ден астам кенші жер бетіне шығарылды. Шахтадағы апаттан 46 кенші қаза тапты. Бұл апат тәуелсіз Қазақстан тарихындағы адам шығыны ең көп болған өндірістік апат ретінде тіркеліп отыр. 

Апаттан кейін Қазақстан "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады.