7 қараша күні Н.Киікбаев атындағы орта мектептің 44 оқушысы мен 2 мұғалімі улану белгілерімен Жамбыл облысы Байзақ аудандық орталық ауруханасына түсті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, тексеруден кейін 11 оқушы үйіне қайтарылды, 2 мұғалім мен 33 оқушы медициналық көмек алып жатыр.
Ведомство мәліметі бойынша, балалардың жағдайы қалыпты.
"Бұл факті бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінен тұратын арнайы жедел штаб құрылды".ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Министрліктің баспасөз қызметі мәселенің мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.