Сұмдық! Қарағандыда жол апатынан 6 адам қаза тапты

Қарағандыда жол апаты орын алды

Фото: ІІМ

Қарағандыда жол апатынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды newsroom.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 қарашада Алматы - Екатеринбург тасжолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.

Жүктелуде...