ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров 76 қазақстандық Газа секторында қалып қойғанын айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Zakon.kz -ке сілтеме жасап.
ҚР СІМ брифингінде Айбек Смадияров 1 қарашада Газа секторынан шетелдік азаматтар мен қос азаматтығы бар палестиналықтарды эвакуациялау басталғанын айтты.
Өкінішке орай, 4 қарашада Рафат бақылау-өткізу пункті арқылы шетелдіктер мен жаралыларды эвакуациялау уақытша тоқтатылды.
"Египет және Израиль тараптарының талаптарына сәйкес, әр елге Рафат пункті арқылы шетелдік азаматтардың өтуі үшін белгілі бір күн беріледі. Пункт арқылы күніне 500 адам өтеді екен. Сондай-ақ, шамамен 45 елдің елшіліктері ұсынған тізімдегі адамдардың жалпы саны шамамен 7 мың адам.
Бүгінгі таңда, біздің деректеріміз бойынша, Газа секторында ҚР 76 азаматы бар. Отбасы мүшелерімен бірге 161 адам бар. Тиісінше, біздің кейбір азаматтарымыз отбасы мүшелерін әкету мүмкін болмағандықтан Газа секторынан кетуге дайын емес. Біз Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мүмкіндігінше ертерек болуы үшін бәрін жеделдетеміз және жасаймыз, алайда бәрі де бізге байланысты бола бермейді. Бұл әскери-дипломатиялық дағдарысты бүкіл әлем шешуге тырысады"- деді Айбек Смадияров.