Алматы облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Полиция Департаментіне сілтеме жасап.
ПД өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеуді бастады.
Балқаш ауданының полициясына аурухана фельдшерінен аудандық орталықтың пәтерлерінің бірінде 31 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл факт ҚР ҚК-нің 105-бабы, 1-бөлігі ("суицидке дейін жеткізу") бойынша дереу тіркелді.
"Қайтыс болған азаматтың отбасылық және жеке проблемалары болды, бұл қылмыстық істі тергеу аясында да тексеріледі. Қазіргі уақытта істің барлық мән - жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу барысын облыстық полиция бастығы бақылауға алды. ҚР ҚК-нің 201-бабы шеңберіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.