Оқиға АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Анкараға сапарлауына бір күн қалғанда орын алып отыр,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы inbusiness.kz- ке сілтеме жасап.
Әуелі бейбіт басталған жиын соңынан тәртіпсіздіктерге ұласқан. Олар АҚШ-тың әуе базасын жабуды талап еткен.
Тәртіп сақшылары наразыларды газ бен су шашып таратуға тырысты.
Инжирлик НАТО-ның Түркиядағы ең ірі әскери базасы болып табылады. Онда тек АҚШ-тың ғана емес, Еуропа елдерінің де әскери күштері орналасқан.
Олар Сириядағы лаңкестерге қарсы соғыс жүргізіп келеді.