Жұрттың баласы! Өзбектер туризмнен 1,7 млрд $ ақша тапқан

Өзбекстан туризмнен дамып келе жатыр

Фото: kun.uz

Өзбекстан ЮНВТО жариялаған туризм саласындағы дамып келе жатқан 20 елдің тізімінде 4-ші орынға ие болды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Kun.uz сайтына сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының танымал "Садо" газетінің сайтында "Өзбекстан елді әлемнің туристік картасына енгізу бойынша ауқымды реформалар жүргізуде"атты мақала жарияланды. Сауд Арабиясы газетінің хабарлауынша, туристердің Өзбекстанда болуының орташа ұзақтығы 4-5 күнді құрайды.
 

Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп (2-3 күн). 2017 жылы республикаға келген әрбір шетелдік турист орташа есеппен 197 доллар жұмсады. 2023 жылы бұл көрсеткіш 400 долларға жетті, ал 2023 жылдың 9 айында туризмнен түскен табыс 1,72 миллиард долларды құрады.
 

"Өзбекстан Дүниежүзілік туристік ұйым жариялаған ең жылдам дамып келе жатқан 20 елдің тізімінде төртінші орынға ие болды", — деп хабарлайды"Садо".

Жүктелуде...