Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Неліктен ұн он жыл қатарынан қымбаттап келеді?

Соңғы жалдары ұн бағасы қанша теңгеге қымбаттады?

Неліктен ұн он жыл қатарынан қымбаттап келеді?
фото: хабар 24

Ұн бағасы бір жылда баға 1,5% ғана өсті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл қаңтар–қыркүйек айларында дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн және ұн қоспаларын өндіру бір жылда 2,1% өсіп, 2,4 млн тоннаны құрады. 
 Отандық ұн тартушылар 2023 жылдың қаңтар–тамыз айларында халық сұранысынң 98,6%-ын қамтамасыз еткен көрінеді.  Ұн импортының көлемі бір жылда 40,7% өсіп, 27,9 мың тоннаны құрады.

Ұн экспорты 11,9% өсіп, 1,2 млн тоннаны құрады. Алайда, қазақстандық ұн халықаралық нарықта беделін түсіріп барады. Біздің ұнның ең ірі сатып алушысы Ауғанстан биыл ұнымыздың сапасына көңілі толмай отырған көрінеді.


2023 жылғы қаңтар–тамызда ішкі нарықтағы ұн өнімдерін сату көлемі 5,6% төмендеп, 792,1 мың тоннаны құрады.

Биыл қыркүйектің соңында ұн бағасы бір жыл ішінде небәрі 1,5% өсті. Бұл ретте бір жыл бұрын 43,1% өсім байқалған. Айта кетейік, ұн 10 жыл қатарынан қымбаттап келеді.

ҚР-ның 20 өңірінің 11-де ұн қымбаттады. Әсіресе, Атырау облысында айтарлықтай өсті: бір жылда 15,6%. Одан кейін Алматы және Қызылорда облысы 9,9% және 9,2% өсті.  Бағаның ең аз өсуі Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында байқалды: тиісінше 1,3% және 1,7%.

Республиканың қалған 9 өңірінде ұн бағасы төмендеді: Жетісу облысында 1,8%-дан Алматы облысында 12,8%-ға дейін арзандады.