Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Қылмыс

Сұмдық! Күзетші 11 жастағы қыздың ернінен сүйген

Алматыда мектеп күзетшісі 11 жасар қызға тиісті ме?

Сұмдық! Күзетші 11 жастағы қыздың ернінен сүйген
кадрдан скриншот

Алматыда 62 жастағы ер адам 11 жастағы қызға тиісті деген мектеп күзетшісі қамауға алынды. Қыз баланың ата-анасы 62 жастағы ер адамның сол күні араққа сылқия тойып алып, қызына тиіскісі келгенін айтып, растау үшін бақылау камерасындағы жазбаны алға тартып отыр,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ащы сусынға тойып алған егде жастағы күзетші қызға құжат беріп жатып, еріксіз құшақтап, сүйіп алған.

"10-сыныпта оқитын көршіміз менің қызымнан мектеп мұғалімі күзетшіге тастап кеткен құжатты алып кетуін сұрады. Қызым барса, ол кісі қатты мас екен. Өзінің айтуынша, күзетші ернінен сүйген. Осы оқиғадан кейін оның жақындары маған келіп: "әкем 20 жылдан бері маскүнемдіктен емделіп жатыр" деп пара ұсынып, әңгімені жылы жабуын сұрады", - дейді қыздың анасы Юлия Диденко.

 

 Алматыдағы №160 мектептің тура кіреберісінде болған оқиға барша ата-аналарды да шошытқан сияқты. Білім ордасының алдына бүгін өзге оқушылардың ата-аналары да жиналып шу шығарды. Ата-аналар маскүнемдікпен ауыратын адамды жұмысқа алған мектеп директорын кіналап отыр.

"Біріншіден, бізде құқық қорғау органдарына сұрағымыз бар. Не үшін кішкентай балаға тиіскені үшін оған әкімшілік жаза қолданды? Небәрі 15 тәулікке ғана қамалған. Екіншіден, мектептің директоры мұның бәрін жылы жапқысы келеді. Бүгін біздің келгенімізді көріп, артқы есіктен қашып кетті. Таңнан бері күтіп отырмыз", - Людмила Яловенко.

Директор осы мектепте жарты жыл жұмыс істеп келген күзетшіден бұрын-соңды оғаш қылығын байқамапты. Ал оны жұмысқа қабылдаған жекеменшік компания деп ақталды.

"Жекеменшік күзет қызметін биыл тыл 18 наурыздан бастап "Алтын әлем групп" Серіктестігі күзет қызметін атқаруда. Біздің тарапымыздан "Алтын әлем групп" Серіктестігімен келісімшартты бұзып, шағым түсіріп, хабарлама жібердік. Тәртіптік жаза пән мұғаліміне алынды. Одан кейін тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға берілді. Және әкімшілік тарапынан сөгіс берілді", - дейді №160 Жалпы білім беретін мектептің директоры Гүлшат Әминова.

Полицейлер ұсақ бұзақылық үшін күдіктінің әзірге 15 тәулікке ғана қамалғанын растады. Тергеу жүріп жатыр. Қозғалған бапқа сәйкес, күзетші 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Алматы ПД аталған дерек бойынша Алатау ауданы полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар, аталмыш сезікті әкімшілік кодексінің 434-бабы нормалары бойынша сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды", - дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.