weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 қазан, 2023 / Рысжан Амантай / Қаржы
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дубайдағы қазақ кәсіпкерлер қауымдастық құрып тастапты

Дубайда қазақ кәсіпкерлері қауымдастығы құрылды

Дубайдағы қазақ кәсіпкерлер қауымдастық құрып тастапты

Бұл туралы newsroom.kz порталы хабарлайды.

Біріккен Араб Әмірлігінде Қазақстаннан келген кәсіпкерлердің «KIT Dubai» бизнес-қауымдастығының тұсауы кесілді. Бұл туралы кәсіпкер, қауымдастық басшысы Жандар Садықов мәлімдеді. Ұйым мақсаты – Дубайда кәсіп бастаған қазақ кәсіпкерлеріне қолдау көрсетіп, іскерлік орта қалыптастыру. Шараға қазақстандық кәсіпкерлер мен БАӘ-дегі ҚР елшілігінің өкілдері қатысты. 

Жандар Садықовтың айтуынша, қазір Дубайда жұмыс істеуге Қазақстаннан барған кәсіпкерлер көп. 

«Алайда жергілікті жердің бизнес заңдылықтарын, нарықтағы бәсекелестікті білмегендіктен немесе қолдау көрсететін ортасы болмағандықтан ісін жүргізе алмай елге қайтуға мәжбүр болатындар көп. Сол себепті, алдымен Әмірліктегі қазақ кәсіпкерлерін бір-бірімен жақын таныстырып, түрлі іс-шаралар, тренингтер ұйымдастыру арқылы бірлігін арттыруға, жаңа серіктестер табуға септесуге күш салғалы отырмыз. Дубайдағы кез келген кәсіпкер, отандастарымыз бізден көмек сұрай алады»,- дейді ол. 

Айта кетейік, «KIT» Бизнес қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі қазіргі уақытта Қазақстанның алты қаласында – Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Шымкентте жұмыс істейді. Шетелдегі бірінші филиалы Дубайда ашылып отыр. Қауымдастық 2020 жылы Атамекен кәсіпкерлік палатасының аккредитациясынан өткен.