«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өзінің басқарушысы Балават Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 млн теңге, яғни айына 31,3 млн теңгеден немесе күніне 1,01 млн теңгеден төлеп келген, деп хабарлайды newsroom.kz Finance.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Арнаның жазуынша, 2022 жылғы деректер жоқ, компания оларды қаржылық есептілік депозитарийінің порталына жүктемеген, бірақ 31 тамызға дейін болуы керек еді.
«2020 жылы Балавату Кришнан Наир Биджу 344 млн теңге алды. 2019 жылы оның алдындағы басшы Парамжит Сингх Калон 328 млн теңге алды. 2022 жылдың тамызында берілген соңғы есепке сәйкес, «АрселорМитталдың» 2021 жылы таза пайдасы 215 млрд теңгені құрады», - делінген жазбада.