Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 36 адам болды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.
29 қазан сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша, 36 адамның денесі табылды, 10 кенші іздестіріліп жатыр.
"Авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.