Шымкентте 19 жасар жігіт жоғалып кетті

Шымкентте із-түзсіз жоғалған жігіт іздестіріліп жатыр

фото: polisia.kz

Шымкент полицейлері жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті іздеп жатыр, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz- ке сілтеме жасап.

15 қазанда Абай АПБ-ға жігіттің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Әжесінің айтуынша, 19 жастағы Нұрбол Ермұхамбет 13 қазанда түнгі сағат 00:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

"Оның жүрген жерін анықтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Белгілері: бойы шамамен 175-180 см, орта денелі, шашы,көзі қара түсті, үстінде қою көк түсті спортивка, қара красовка және қара түсті күртеше болған. Жоғалған жігіттің қайда екендігі туралы ақпараттан хабардар болсаңыз, бірден "102" нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жүктелуде...